«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналарға жаднама

31.10.2017

Ата-аналарға арналған жаднама!

(«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды

аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 06

маусымдағы №265 Бұйрығына сәйкес) 

•      Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау қалыптастырушы  және жиынтық

бағалау нысандарында жүзеге асырылады. 

•      Қалыптастырушы бағалау оқытудың нақты мақсаттарына білім

алушылардың жетуін мониторингтеу және әр білім алушымен сараланған және жеке

жұмыстарды одан әрі қалыптастыру үшін жүргізіледі.  

•      Қалыптастырушы бағалау нәтижелері тоқсандық және оқу жылының бағасын

қою кезінде есепке алынбайды.

•      Білім алушылардың үлгеріміне

ағымдық бақылауды тоқсан, бөлім (ортақ тақырып) аяқталғаннан кейін оқу

материалдарының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау және қадағалау үшін жиынтық бағалау нысанында педагогтер жүргізеді. Жиынтық бағалау үшінші тоқсаннан бастап 1-сыныптарда,

бірінші тоқсаннан бастап 2-11 (12) сыныптарда жүргізіледі.

•     

Бөлім/ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау (БЖБ) жоспарға

және оқу бағдарламасына сәйкес ортақ тақырып немесе бөлім аяқталғаннан кейін

жүргізіледі. Жиынтық бағалаудың осы түрінің нәтижесінде оқушыларға тоқсан бағасы қойылу барысында ескерілетін ұпайлар

қойылады. 

•     

Тоқсан үшін жиынтықтың бағалау (ТЖБ)  жоспар және

оқу бағдарламаларына сәйкес тоқсан соңында жүргізіледі. Суммативті бағалаудың осы түрінің нәтижесінде  оқушыларға тоқсан бағасы

қойылу барысында ескерілетін ұпайлар қойылады.  

•      Білім алушы БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша тоқсан үшін

қорытылады, сол себептен әр оқушы жиынтық бағалауға қатысуға МІНДЕТТІ.

•      Білім алушы белгілі себептермен екі аптаға дейін болмаған

жағдайда (ауырып қалуына байланысты, жақын туыстарының қайтыс болуы,

конференцияға, олимпиадалар мен ғылыми жобаларға (ғылыми жарыстарға) қатысу)),

білім алушы орта білім беру ұйымына (бұдан әрі – мектеп) қайтып оралғаннан

кейінгі екі аптаның ішінде мектеп жасаған жеке кестеге сәйкес жиынтық бағалауды тапсырады.

•      Қалыптастырушы және

жиынтық бағалау қорытындысы бойынша ақпарат білім алушыларға

және ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне қағаз түрінде немесе

электронды нұсқада беріледі.

•      Тоқсандық баға бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысының

негізінде 50%-да 50% пайыздық арақатынаста қойылады.

•          5-11 (12) сынып

білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды бағалары жылдық және емтихан

бағаларының негізінде қойылады.

•      Барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары "5"

болған 5-8, 10  сыныптардың білім

алушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі.

•     

"Өзін-өзі

тану", "Көркем еңбек", "Музыка", "Дене

шынықтыру" пәндері бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. "Дене

шынықтыру"- тоқсан сайын, "Өзін-өзі тану" "Көркем

еңбек", "Музыка" жартыжылдын және оқу жылының соңында аталған

пәндерден "есептелінді"/ "есептелінген жоқ" деген белгі

жазылады.

Просмотров: 850


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст