«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Денсаулық күні – 2017»

25.09.2017

Дені сау ұрпақ - дені сау ұлт. Ұлт саулығы – жарқын болашақтың бастауы. Елбасының Қазақстан  халқына Жолдауында 30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек екендігін баса айтуы да сондықтан. Бүгінгі күнде жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстауға бейімдеу тұрғысында жасалып жатқан игілікті істер аз емес. Соның  айғағы мектеп-гимназияда ағымдағы жылдың қыркүйек айының он алтысы күні өткен жалпы  мектепішілік  денсаулық күні.

Дене шынықтыру әдістеме  бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен  іс-шара барысында сөз алған мектеп-гимназия директоры Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы оқушыларды  құттықтап, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Содан кейін барлық  оқушылар  мен мұғалімдер  жаппай сап түзеп, бой  сергіту  жаттығуларын  жасады. Іс-шараның  екінші бөлімінде 8-11 сынып  оқушылары арасында «Динамо» спорт кешенінде, 5-7 сынып оқушылары арасында  мектептің  спорт алаңында жеңілатлетикалық жарыс  болып өтті. Жеңімпаз  оқушылар арнайы  мадақтамамен   марапатталды.Еліміздің ертеңі болар жас

ұрпақтың саулығы үшін жасалған осы бір игі іс баршаға үлгі болса  екен.     

Просмотров: 491


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст