Текст
«Балдәурен» жазғы демалыс мектеп алаңының ашылуына арналған 1 маусым балаларды қорғау күніне мерекелік іс-шара өткізілді. Салтанатты ашылу рәсімін
мектеп-гимназия директорының орынбасары Д.А.Есемсеитова құттықтау сөзімен ашты. Демалыс алаңына 100 бала қабылданды.Салтанатты ашылу рәсімінде балалар ән, би орындап өнерлерін ортаға салды. Балаларға арналған тәтті тағамдар таратылды. Балалар қалалық іс-шараларға қатысып, ЭКСПО -2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ,Халықаралық балаларды қорғау куніне орай әдебиет және өнер музейі ұйымдастырған" Біз бақытты баламыз атты балғын суретшілер сайысында жүлделі орындарына ие болды.