Текст
«Қандай ғажап әлем!» атты бастауыш сыныптар апталығының соңғы күндерінде, яғни 14 сәуір күні салтанат залында 1- сыныптар арасында «ЭКСПО-2017» сән көрсету сайысы өтті. Оқушыларымыз ата-аналарының көмегімен тұрмыстық қалдықтарынан сәнді көйлектерді жасап, сахна төріне шықты.Сайыс соңында әрбір қатысушы номинация бойынша мадақтама қағазымен марапатталды. Сайыс қызықты әрі тартымды өтті.