Ақмола облысы білім басқармасының 2017 жылғы 16 наурыздағы № 01/1421 хатының негізінде "Асыл бала" республикалық қауымдастығы мен «UCMAS Kazakhstan» халықаралық менталды арифметика орталығының ұйымдастыруымен «Интеллектуальдық марафонының облыстық кезеңі « Білімге апарар жол» атты 2017 жылғы 8 сәуір күні Бурабай ауданы Щучинск қаласының №7 мектеп лицейінің базасында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптар оқушылары арасында өтті. Марафон 2 кезеңнен құрылды: 1 кезең – облыстық, 2 кезең – республикалық. Марафон екі жас санаты бойынша өтті: мектеп алды даярлық топ балалары, 1-2 сынып оқушылары арасында өтеді. Түрлі бағыттар бойынша қызықты тапсырмалар енді. Зияткерлік марафонда Атбасар, Бурабай, Буланды аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан 100 оқушы көлемінде 10 команда қатысты. Осы шараны өткізу мақсаты кішкентай сынып оқушыларының шығармашылық және ізденіс сипатындағы есептерді шығару қабілетін анықтау және оны дамыту. Жұмыс 10 бекет бойынша өтті: «Мирас», «Полиглот», «Әдебиет», «Өзін-өзі тану», «Математика», «Қисын», «Шығармашылық», «Квест», «Театр», «Спорт». Мектеп-гимназиясының 2- сыныптың 10 оқушысы осы марафонға қатысып,марафонның қортындысы бойынша «Алғырлар мен тапқырлар» номинациясына ие болып, Диплом және Кубокпен марапатталды. Жетекшілері Махметова Г.О,Хасенова Т.Е.
Жетекшілері: Махметова Г.О және Хасенова Т.Е.