Жас ұрпақ бойында халқымыздың ғұлама ақыны Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы айтылған құнды, мән-мағынасы зор өсиет-үлгілерін жас ұрпақтың ой санасына жеткізу, Абай мұрасын бастауыш сынып оқушыларының бойына сіңіру мақсатында мәнерлеп оқуды пайдалану, нәтижесін анықтау, бастуыш сынып оқушыларына Абайды таныту, шығармаларына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында 2017 жылдың 13-сәуір күні білім бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ тілінде оқытылатын бастауыш сынып оқушылары арасындағы қалалық «Абай оқулары» байқауы өтті. Байқауға әр мектептен екі оқушыдан қатысып, өзара бақ сынады. Мектеп-гимназиясының 3 «А» сынып оқушысы Кабиденов Ерасыл қалалық білім бөлімінің ІІІ дәрежелі Дипломымен, пән мұғалімі Жанбырбаева Н.Х. Алғыс хатпен марапатталды.Екінші қатысушы 3 «Б» сынып оқушысы Хамет Ақботаға «Абай оқулары» байқауына қатысқаны үшін сертификат берілді. Жетекшісі К.С.Кузаирова.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!