2017 жылдың 28 наурыз күні Ақмола облысы мәдениет басқармасының қолдауымен, Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң, музей жанынан құрылған Мәлiк Ғабдуллин атындағы «Мирас» үйiрмесiндегi Ақан серi атындағы мәдениет колледжi студенттерiнiң және Ақмола облысы денешынықтыру және спорт басқармасы ұлттық спорт түрлерiнен облыстық балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiнiң бiрлесiп ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күнiне арналған «Наурыз мейрамы — ұлттың жауһары» атты мереке-думан өттi. Мерекелік- думанға мектеп-гимназиясының оқушылары «Асық ату» ұлттық ойынды көрсетіп музей директорының «Алғыс хат»-мен марапатталады. Сабырова Айжан, Бауржан Аурика,Мұсылманбеков Батырхан,Мұсылманбекова Томирис,Қожахметова Махаббат. Жетекшісі А.О.Тлеубаев
Құттықтаймыз!!!