2017 жылғы 24 - 28 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі"Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспары бойынша Ақтау қ. Гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың республикалық кезеңі болып өтті. Олимпиадаға Ақмола облысынан облыстық кезең жеңімпаздарынан 29 оқушы қатысты. Олимпиада жалпы білім беретін пәндер: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі бойынша өткізілді. Мектеп-гимназиясынан қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 11-сынып оқушысы Мұрат Айдана, ағылшын тілі пәні бойынша 11-сынып оқушысы
Балташева Мира қатысып, сертификатқа ие болды. Пән мұғалімдері: Ш.К.Карасартова, З.Н.Балташева