Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, білім беру робототехникасын әйгілеу, білім беру саласындағы робототехниканы дамыту мақсатында «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу мен дайындау бойынша облыстық іс-шаралар жоспарына және Ақмола облысы білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сай 2017 жылғы 27 наурыз күні Көкшетау
қаласы білім бөлімінің «№2 орта мектеп-лицейі» КММ базасында І облыстық робототехника конкурсы өткізілді. Конкурсқа Көкшетау, Степногорск қ. мен аудандардан, ведомствоға бағынысты мекемелер мен жеке меншік мекемелерден 80 оқушы, команда басшылары және іс-шара қонақтары мен көрермендер қатысты. Конкурс 5 категория бойынша өткізілді. Мектеп-гимназиясы «Механикалық сумо», «Сызықтың бойымен жүру», «Кегельринг» категориясы бойынша 3 команда,6 оқушы қатысты.«Кегельринг» категориясы бойынша қатысқан «Robo» командасы ІІІ орынға ие болды. Команда мүшелері: Абылкаиров Алимхан,Махметов Мухамед. «Механикалық сумо», «Сызықтың бойымен жүру» категориясы бойынша қатысқан оқушылар Сайранбеков Жанарыс, Таласбек Әділ, Имақ Жалғас сертификатқа ие болды. Жетекшісі А.К.Бершимова