«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен Ұлттық тестілеу орталығының КАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының қолдауымен өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» XІ республикалық қашықтық олимпиадасын үстіміздегі жылдың 28-29 наурыз аралығында Астана қаласында өткізілді. Олимпиада «NURORDA» мектеп-лицейінде өтті. Олимпиаданың бірінші күні оқушылар Ұлттық тестілеу орталығының қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі «ҚАЗТЕСТ» негізінде әзірленген тестер бойынша аудару, граматика, лексика мен оқу тапсырмаларын орындады. Екінші күні олимпиаданың бағдарламаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына саяхат жасады. Қазылар алқасының шешімімен мектеп-гимназиясының 7А сынып оқушысы Кочетыгов Юрий ІІ дәрежелі Дипломға ие болды. Пән Билялова Б.Б.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!