Көкшетау қаласы білім бөлімінің 17.02.2017 жылғы хаты негізінде 20.02.2017ж-01.03.2017 ж аралығында білім мекемелерінде және тұрғылықты мекен –жайларда өрт қауіпсіздік шараларының алдын алу мақсатында «Үйде және мектепте өрт қауіпсіздік шаралары» тақырыбында жоспар бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
20 ақпан күні Көкшетау қаласы білім бөлімінің 17.02.2017 жылғы хаты негізінде білім мекемелерінде және тұрғылықты мекен –жайларда өрт қауіпсіздік шараларының алдын алу мақсатында «Үйде және мектепте өрт қауіпсіздік шаралары» тақырыбында ДТЖЖ орынбасары А.Қ.Жартанова сап түзеуде ақпараттық нұсқаулықберілді.Қатысты І,ІІ ауысым оқушылары.
1-11сыныптарда «Өрт қауіпсіздігі туралы жалпы ережелер», «Уақытты текке өткізбе,тез хабар бер «101» ге» т.с.с тақырыбта сынып сағаттары өтті.
21 ақпан күні 5-7 сыныптарда «Өрт тілсіз жау» атты суреттер байқауы өтті. Суреттер байқауына оқушылар белсенді қатысып, тақырыпты аша білді. Ең үздік салынған суреттер мадақтамамен марапатталады.
22 ақпан күні 1-11 сынып оқушыларына «Үйде және мектепте өрт қауіпсіздік шаралары» атты бейнеролигі мектеп-гимназиясының бірінші қабат фоеде орналасқан теледидарында және интерактивті тақтада жүргізілді. Бірінші, екінші ауысым оқушылары үзіліс уақытында бейнероликті тамашалады.
23 Ақпан күні 5-6 сынып аралығында «Өрт қауіпсіздігі туралы жалпы ережелер» , 7-8
сынып аралығында «Правила пожарной безопасности» тақырыбында диктант жұмыстары өткізілді.