«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

24.02.2017

Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасындағы «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының IX облыстық кезеңі Ақмола облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Қазақ-түрік лицейінде 2017 жылдың 15-16 ақпан күндері өткізілді.

Олимпиада 5 бағыт бойынша өтті:

«Тілші-әдебиетшілер» байқауының мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгерген оқушыларды ынталандыру. «Сөз шеберлері» байқауының мақсаты – қазақ тілінде мәнерлеп сөйлеуге машықтану, сөздің мәнін жете түсіну, оның табиғатын тану және көркем шығармаларды мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу арқылы оқушыны ауызекі сөйлеуге төселдіру.

«Әнші-бұлбұлдар» байқауының мақсаты – қазақ халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларын насихаттау және талантты жастарды анықтау, оларды көпшілікке таныту.

«Жас ғалымдар» байқауының мақсаты- оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиетін насихаттау. Оқушының ғылыми жоба тақырыбы қазақ тілі мен әдебиетіне (тарихы,теориясы, өзекті мәселелері т.б.) қатысты болуы керек. «Жазушылар» байқауының мақсаты -жасөспірімдерді отансүйгіштік, ерлік, қаhармандық рухында тәрбиелеу, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденіске жұмылдыру. Олимпиадаға мектеп-гимназиясының оқушылары 3 номинация бойынша қатысып, жүлделі орындардан көрінді.

1.«Тілші-әдебиетшілер» бағыты бойынша қатысқан 10А сынып оқушысы Кабдуш

Қуаныш – грамота.Пән мұғалімі Ш.К.Карасартова

2. «Жас ғалымдар» бағыты бойынша қатысқан   8Всынып оқушысы Мұсабек Асылжан – 3 орын. Пән мұғалімі М.А.Ныгметова

 3.«Сөз шеберлері» номинациясы бойынша қатысқан 9А сынып оқушысы Рашитов Ермек -3 орын. Пән мұғалімі Б.Х.Ахметжанова.

 

Просмотров: 781


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст