Текст
7 - ақпан күні қалалық ақпараттық кітапханасында АСТАНА ЭКСПО -2017 дүниежүзілік көрмесіне арналған «Болашаққа ұмтылған жас ұрпақ» атты іс –шараға қатысысып, өз жобасымен бөліскен 7 А, Г сынып оқушылары Ануарбеков Сағыныш, Кәкім Бақытгүл алғыс хатпен марапатталды.
Мақсаты: Талантты жастарды қолдау, олардың шығармашылығын дамыту, ой бөлісу, ынталандыру. Дөңгелек үстел барысында әр тақырыпқа қатысты пікірін білдіретін жас ғалымдардың таныстырылымдарын Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушылары Сәкен Кәженов т.б мұқият тыңдап, сауалдарын қойып, жол сілтеді және бұл ғылым жолына бет бұрудың алғашқы баспалдағы деп жол сілтеді.