М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп –гимназиясында ағылшын тілі пәні апталығы ашылуының салтанатты жиыны жайында мәлімет
Тәуелсiздiк алғаннан бергi уақытта елiмiзде тiл саясаты елбасы Н.Назарбаевтың тiкелей басшылығымен салиқалы да сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында тiл саясатына, оның iшiнде қоғамдағы мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеру мәселесiне тоқталмай өткен емес. Президент кезекті Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстан халқы бүкiл әлемде үш тiлдi пайдаланатын жоғары бiлiмдi ел ретiнде танылуға тиiс. Бұлар: «қазақ тiлi - мемлекеттiк тiл, орыс тiлi - ұлт аралық қатынас тiлi және ағылшын тiлi - жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрiгу тiлi» -деген болатын. Сол себепті ұстаз мақсаты оқушыларды заман талабына сай, келешекке нық қадам баса алатындай етіп дайындау.
Осы міндетті негізге алған мектеп – гимназияның ағылшын тілі оқытушылары жоспарлы түрде ақпан айының 6 жұлдызы күні кезекті сап түзеуде ағылшын тілі апталығының ашылуын ұйымдастырды. Бірінші ауысымның сап түзеуінде 9 «А» сынып оқушылары Зайнулов Даниял мен Габдуллина Айша сүйікті кейіпкерлері Гарри Потер және Шерлок Холмс болып рөлдік ойын сомдады. Қажнаби Сауран мен Габдуллина Сәуле ағылшын және қазақ тілінде жүргізуші болды. Ал 8 сынып оқушылары үш тұғырлы тіл негізінде үш тілде өлең шумақтарын оқыды. Сондай – ақ апталықтың жұмыс жоспарымен таныстырылды. Бастауыш сыныптарында да бірінші ауысымның сап түзеуінде 4 сынып оқушылары ағылшын тілінде өлең шумақтарын оқыды. Ал екінші ауысымда 5 сыныптар Ханзада мен Ханшайым кейіпкерлерін сомдау арқылы апталықты ашты және 5-6 сыныптар “Gummy Bear” әуенінде би биледі. Бастауыш сыныптарында екінші аусымда 2 сынып оқушылары ағылшын тілінде ән орындады.
Апталықтың ашылу жиыны жақсы деңгейде өтті.