2017 жылдың 4-7 қаңтар күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспары
бойынша Көкшетау қ. №3 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты мен №18 орта мектебінің базасында жалпы білім беретін пәндер
бойынша олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиадаға 17 аудан мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан және 4 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан аудандық кезеңнің жеңімпаздары – 378 оқушы қатысты. Көкшетау қала мектептерінен 72 оқушы қатысты. Мектеп-гимназиясынан математика-жаратылыстану пәндері бойынша 4 оқушы, гуманитарлық пәндер бойынша 7 оқушы бақ сынасты. Облыстық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша Ақмола облысы білім басқармасының І дәрежелі Дипломымен -2 оқушы, ІІ дәрежелі Дипломымен -1 оқушы, ІІІ дәрежелі Дипломымен -5 оқушы. грамотамен-2
оқушы марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!