Жазғы демалыста қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері:
Көшеде, жолдан өту кезінде абай болып, жол жүру ережелерін сақтау керек.
Орманда серуендеу, өзенде шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Ауыл аумағында және орман алқабы аумағында от жағуға тыйым салынады.
Тек арнайы бөлінген орындарда және жылы уақытта шомылуға болады.
Бейтаныс саңырауқұлақтар мен жидектерді жеуге болмайды.
Өз денсаулығыңызға қамқорлық жасау керек: суда шомылу, күнге күю кезінде уақытты сақтау керек.
Көшеде жүргенде ыстық күннен қорғану үшін бас киім кию. Жоғары температура жағдайында бөлмеде немесе көлеңке жерде болуға тырысу.
Ересектердің қарауынсыз техника бригадаларына, гараждарға, фермаларға баруға тыйым салынады.
Көшеде ересектердің қарауынсыз сағат 23.00-ден кейін жүруге тыйым салынады.
СӨС нормаларына сәйкес белсенді демалыс жүргізу қажет.