«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тіл дарыны - 2018" қалалық байқау

27.02.2018

«Тіл дарыны – 2018» қалалық байқауы

«Тіл дарыны – 2018» жалпы білім беретін мекемелерінің 8-11 сынып  оқушылары арасындағы 21 ақпан қалалық байқау өткізілді.

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

- Үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушыларды анықтап, қолдау. Іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді меңгеру деңгеін анықтау. Үштілділікті насихаттау;

- Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру; тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру; жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбилеу; тіл мәдениетін жетілдіру.

- Оқушылардың үш тілде оқып- үйренуіне ықпал жасау және оларды ынталандыру.

Байқау 12  тапсырмадан тұрады:

1.  «Полиглот» - қазақша мақал-мәтелдерді соңғы бір сөзбен толықтырып, сол сөздің орыс және ағылшын тілдерінде аудармасын беру;

2.  «Мәдениеттаным» - қазақ халқының салт- дәстүрі, діні мен тілі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру;

3.  «Ұлттаным» - қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі  сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап беру;

4.  «Эрудит» - сөзжұмбақты(ребус) шешіп(мақал-мәтел), үш тілде аудармасын беру;

5.  «Тең шарттарда диалог» - белгілі бір тақырыпта диалог құрастыру(8-10 сөйлем);

6.  «Жағымды әңгімелесуші» - өмірбаянын үш тілде  айту (15 сөйлемге дейін);

7.   «Ең үздік мәнерлеп оқушы» - 3 тілде кез-келген өлең жолдарынан үзінді оқу;

8.   «Отанымыздың патриоты» - отаншылдық тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру (жауаптары: даталар) және жауабын үш тілде айту;

9.   «Экскурсия жетекшісі» - өз елі туралы 3 тілде қысқаша мәлімет жасау;

10.  «Жас ақын» - 3 тілде қызықты ертегі құрастыру;

11. «Үздік каллиграфист» - 3 тілде сөздердің әріптерін айқын, көркем, сауатты жазу;

12.  «Өнертаным» - 3 тілде берілген жаңылтпаштарды жаңылмай айтудан жарысқа түсу.

Үміткерлер өнерін бағалау кезінде: тілдерді меңгеру деңгейі; жауаптың толық берілуі мен сапасы; жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі ; үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан иаза  сөйлеуі; сахналық мәдениеті ескерілді.

«Тіл дарыны – 2018» жалпы білім беретін мекемелерінің 8-11 сынып  оқушылары арасындағы қалалық байқауына мектеп-гимназиясының 3 оқушысы қатысып ,жүлделі орындарға ие болды. 9А сынып оқушысы Бекитова Тұмарбике, 11 А сынып оқушысы Кабдуш Қуаныш жүлделі І орынды жеңіп алса, 11А сынып оқушысы Секенова Наргиз жүлделі ІІ орын алды. Пән мұғалімдері: Карасартова Ш.К, Ахметжанова Б.Х., Уразбекова А.С., Балташева З.Н., Казбекова А.Б., Уалиева Ж.О. Жүлделі І орынға ие болған 2 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды. Сәттілік тілейміз!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!

 

 

 

 

Просмотров: 781


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст