Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсінуге баулу мақсатында 5 –наурыз күні мектеп –гимназиясында «Баян сұлу» үйірмесінің жетекшісі Б.Б.Билялованың ұйымдастыруымен 9-10 сынып қыздары арасында «Көктем аруы - 2018» байқауы өтті.Байқау барысында қыздарымыз «Сәлем – сөздің атасы» , «Өнерлі өрге жүзер», «Қызғалдақтардың гүлденуі» атты кезеңдерде өздерінің шығармашылық қабілеттерін, ұшқыр ойларын көрсете білді. Нәтижесінде 10 «а» оқушысы Серік Айша «Ару-2018» ноимнациясының жеңімпазы атанса, Дюсенбина Зарина «Өнерлі Ару», Муратбекова Назира «Ынталы Ару», Абдулова Азина «Инабатты Ару», Мырзахмет Ясмин «Шығармашыл Ару», Ахметхан Алуа «Көрермен көзайымы» номинацияларына ие болды.
Құттықтаймыз!