«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қамқоршылық кеңесінің» І жартыжылдық бойынша талдамалық анықтамасы

13.03.2018

М.Ғабдуллин атындағы №3  көптілде оқытатын кәсіби мектеп -

гимназиясының «Қамқоршылық кеңесінің»

І жартыжылдық бойынша талдамалық анықтамасы

2017 – 2018 оқу жылы

Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы , Ақмола облысы Білім басқармасының 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 10-01/5114 хаты негізінде  мектеп - гимназиясында қазан айында «Қамқоршылық кеңесі» құрылды.  2017 – 2018 оқу жылына Қамқоршылық кеңесінің жылдық жұмыс жоспары құрылып, бекітіліді.Төрайымы М.Қ.Туребекова оқу жылы басында жиналыс ұйымдастырып, 2016 – 2017 оқу жылында атқарылған жұмыс бойынша есеп берді. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері мектеп ұжымымен тығыз байланыста болып, қоғамдық жұмыстарға қатысты. Дәстүрлі түрде өткізілетін мектеп-гимназияішілік іс-шараларға кеңестің қосатын үлесі зор. «Жаңа Жыл» мерекесіне орай Қамқоршылық кеңесі 18 000 мың теңге көлемінде оқушыларды  тәттілермен қамтамасыз етті. Бракераждық комиссиясымен бірлескен түрде мектеп – гимназия асханасы тағамдарының сапасы тексерілді. Тексеріс барысында асхананың жұмысы бойынша тағамдар сапасы САНПИН талаптарына сай. 1-11 сыныптарда ұйымдастырылған  «Ашық есік күніне» қамқоршылық кеңес мүшелері де қатысты. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша өткізілген сабақтараға 1,2,5,7 сынып оқушыларының ата-аналары қатысып, сабаққа деген кері байланысын білдірді. «Жас мәліктанушылар» ұйымдастырған музейге экскурсия жасап, үзіліс уақытында оқушылардың жаратылыстану пәндері бойынша эксперименттерін және робототехника жұмыстарын қарады.   Қамқоршылық кеңесі кезекті отырысында алдағы жұмыс жоспардың мақсат-міндеттерін айқындап, қамқоршылық кеңесінің төрайымы кеңес мүшелеріне және мектеп- гимназиясы директорына  ынтымақтастықта жұмыс атқарып жатқандықтарына, балаларға көрсетіліп жатқан қамқорлықтары үшін ризашылығын білдірді.

Просмотров: 575

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст