Текст
"10 сынып оқушыларының гимназияға, сыныпқа бейімделуі" бойынша ағымдағы жылдың қыркүйек айының 24 -27 күні аралығында 10 – сыныптарының химия, физика, биология, алгебра және анализ бастамалары , Қазақстан тарихы сабақтарына гимназия әкімшілігі қатысты.
10 сынып оқушыларының бейімделу ерекшелігі олардың жас ерекшеліктері мен көпсалалы білім беру ерекшеліктерімен анықталатынына баса назар аударды.
Әр сыныптың моделін жасауда мұғалімдер оқудағы таңдалған бағыт оқушылардың психофизиологиялық және жеке ерекшеліктеріне, қызығушылықтары мен бейімділіктеріне сәйкес келуі қажет екенін де басты назарда ұстады.